Мұнда электр тасымалдау желілері үзілген
Түркістан облысының бес ауданындағыкейбір елді мекендер жарықсыз қалды. Қазір «Оңтүстік Жарық» мекемесі электр желілерін қайта қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауа-райының күрт нашарлауы салдарынан (екпінді жел 25-28 м / с дейін күшейіп, жаңбырдың арты қарға айналды) Түркістан облысының бес ауданындағы (Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалалары) кей елдімекендерде электр тасымалдау желілері үзілген. Түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмысын жүргізуде», - делінген хабарламада.
Бұл аумақтарда 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған.