Қазақстанда коронавирустан тағы 11 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

232 адамның жағдайы ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда кейінгі тәулікте 11 адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

14 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 973 адам короновирус инфекциясынан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 5 041 пациент стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 232 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 33 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.