Коронавирус белгісі бар пневмонияның 52 жағдайы тіркелді
Елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониясына қатысты 52 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«12 наурызда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 52 жағдайы тіркелді. Оған қоса 180 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны – 49 801, 653 өлім тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 895 жетті», - деп жазылған хабарламада.