Бұл мереке еліміздің батыс өңірімен қоса Сыр бойында, Қостанай, Торғай аймағында кеңінен тойланады
Бүгін қазақ халқының ежелден келе жатқан мерекесі - көрісу күні, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Көрісу — адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.
Бұл күні жасы кішілер қала-ауылдағы ақсақал-әжелерінің үйіне барып, көрісіп, ілтипат білдіреді. Жасы үлкендер кішілерге бата береді. Сондай-ақ, үлкендер қол алысып, алақандарын айқастырып жатса, әйел адамдар алдымен оң иығын, сосын сол иығын түйістіреді.
Бұл мереке еліміздің батыс өңірімен қоса Сыр бойында, Қостанай, Торғай аймағында, ресейлік Астрахан, Саратов, Самара, Орынбор облыстарында тұратын қазақтар арасында кеңінен тойланады.