44 пациенттің жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 4 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
11 наурыздағы мәлімет бойынша, Алматы қаласында 3 науқас (КВИ+), Жамбыл облысында бір науқас көз жұмған (КВИ-).
«13 наурыздағы мәлімет бойынша, елмізде 18 658 адам короновирус инфекциясынан (14 277 КВИ+ және 4 381 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 827 пациент стационарда, 13 831 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген хабарламада.
Науқастардың арасында:
• 235 адамның жағдайы ауыр;
• 44 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.