Қызметтегі немқұрайлығы үшін 59 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Бигайдаров әртүрлі деңгейдегі 59 басшының бақылаудың жоқтығы және өзіне бағыныштылардың заң бұзуына жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты: 30 басшыға сөгіс берсілсе, 10 басшы қатаң сөгіс алды, 7 басшыға қызметке толық сай еместігі туралы ескертіліп, 6 басшы ескерту алып, 3-уі жұмыстан шығарылып, 2-інің лауазымы төмендетілді, бірі қызметінен босатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Қарағанды облысы Молодежный кентінде балаларға арналған спорт алаңдарын орнату кезінде абайсызда ауыр зардапқа әкелген жағдай үшін (залал сомасы – 3,3 млн теңге) Осакаров ауданы әкімінің өкімімен Молодежный кентінің әкімі А.А.Садиков атқарып отырған қызметінен босатылды.