Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен облыстық техникалық инспекция мамандары шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Сағат 03.00-де Павлодар қаласының полициясына Естай көшесі, 28 ғимаратының жанында еліктің ұшасы табылғаны туралы хабарлама түсті. Бейнебақылау камераларын қарау барысында еліктің қалаға Ертіс өзенінің жайылмасынан келгені анықталды. Естай көшесіндегі ғимараттың жанында қаңғыбас иттер жануарды қуып апарып, талап тастаған», - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Аталған фактіге қатысты Павлодар облысының Полиция департаменті облыстың ветеринария басқармасына қаңғыбас иттерді аулау бойынша жұмыс жүргізу туралы хат жолдады.