Нұр-Сұлтанда екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Нұр-Сұлтанда екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 11.03.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», - делнген хабарламада.