Байғанин ауданындағы ауылдардың бірінде мүйізді ірі қара малдардан қарасан ауруы анықталды
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің шешімен мүйізді ірі қара малдардан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Қарауылкелді ауылдық округінің Қарағандысай қыстағы аумағында карантин белгіленді.
Қарасан – жануарлар арасындағы жұқпалы ауру. Қарасан ауруына негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы ұшырайды.
Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбіне нәтиже бермейді. Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады.