Е.Арыстанға қатысты бас бостандығынан шектеу шарасы 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды
Есіл аудандық сотының 2021 жылғы 25 қаңтардағы үкімімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Е.Арыстанға пен оның жары Е.Дүйсенқызына қатысты алаяқтық фактісі бойынша, сондай-ақ Е.Арыстанға пара беруге шақыру фактісі бойынша бас бостандығын шектеу жазасы шығарылған еді.
Сотталушылар жәбірленушінің ұлын Академияға қабылдауға көмектесуге уәде беріп, оқу мекемесінің өкіліне пара беру керек деген сылтаумен одан 15 000 АҚШ долларын алған.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының шешімімен 2021 жылдың 10 наурызында аталған үкімге өзгеріс енгізілді. Е.Арыстанға қатысты алаяқтықтың біліктілік белгілері ретінде «лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалану» бойынша бас бостандығын шектеу шарасы 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Прокурорлар бұрынғы ҰҚК полковнигінің әйелі Е.Дүйсенқызына қатысты 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын өзгеріссіз қалдырды.
Сотталушылардың адвокаты сот үкіміне қатысты шағымданғанмен, олардың аппелияциялыұқ шағымы қанағаттандырылған жоқ.