Өткен тәулікте автожолдарда қар құрсауында қалған 35 адам құтқарылды

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі жабылды

Өткен тәулікте автожолдарда қар құрсауында қалған 35 адам құтқарылды
Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте автожолдарда қар құрсауынан 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облыстарының құтқарушылары қар құрсауынан 22 бірлік техниканы шығарып, 35 адамды құтқарып, эвакуациялады.

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жұмыс істейді.

2021 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 7 өңірде (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай,Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында) дауылды ескерту жарияланды.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі және 73 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары.

Ақтөбе, Павлодар және Қостанай облыстарындағы беккеттерде 1 827 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр. Павлодар облысының төрт жылыту пунктіне 31 адам, оның ішінде 3 бала орналастырылды.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 738 адам және 463 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 30 СМС-хабарламаны таратылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 33 хабарлама жіберілді.

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін өңірлерде «Жедел байланыс желісі» істейді.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.