1 тамыздан бері бұл індеттен 650 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
9 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 48 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 170 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 49 629, 650 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 358 жетті.