Елордада екінші ауысымда оқитын оқушылар мектепке бармайды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды

Нұр-Сұлтанда екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«10 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», - делінген хабарламада.