Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы бір адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері бұл індеттен 647 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«8 наурыздағы коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 4 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 203 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: Ауырғандар – 49 581, 647 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 188 жетті», - делінген хабарламада.