БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бақытжан Нарымбетов бұған дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары болды

Фото: instagram.com/uralskakimat

БҚО әкімінің орынбасары болып Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов тағайындалды.

Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, осы бөлімнің басшысы, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары болды. 2019 жылдың қаңтарынан бері Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.