Қостанайда бірінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы тоқтатылады

Автор: Azattyq Rýhy

Ауа райының қолайсыздығы байланысты оқушылар қашықтан білім алады

Фото: 24.kz

9 наурыз күні қостанайлық мектептердің бірінші ауысымында оқитын оқушылар қашықтан оқу режиміне ауысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аймақтық «Алау» басылымына сілтеме жасап.

Мектеп оқушылары мен олардың ата-анасына арналған бұл ақпаратты Қостанай қалалық білім бөлімі жариялады.

«Ауа райының қолайсыздығы мен қатты жел соғуына байланысты 9 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқу режиміне ауысады», - делінген хабарламада.  

Синоптиктер дерегінше, Қостанай облысында сейсенбі күні жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өңірде түнде ауа температурасы -3, күндіз -5 градус болады.