Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
8 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, түнде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Павлодар облысының бірқатар аймағында тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысында екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.
Атырау облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.