Маңғыстауда тіс емханасын тонаған адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол клиниканың кассирін пышақпен қорқытып, 200 мың теңге алып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға қарақшылық шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам клиниканың кассирін пышақпен қорқытып, 200 мың теңге көлеміндегі ақшаны тартып алып, белгісіз бағытта бой тасалаған. 

Бұл факт бойынша өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары осы қылмысты жасауға қатысы бар 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ер адам өз қылмысын мойындады. Заттай айғақтар алынды. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.