Жолдарда барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу салынды
Ауа райының нашарлауына байланысты СҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ИИДМ Telegram-каналына сілтеме жасап.
7 наурызда сағат 17.00-де Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар жолында барлық көлік түрлері үшін шектеу салынды:
1. «Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Киров – Қиялы – Рощинское», 0-68 шақырым, Қиялы және Рощинское ауылдарының аралығы.
2. «Волошинка – Сергеевка - Тимирязево», 33-119 шақырым, Кривошеково және Тимирязево ауылдарының аралығы.
3. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка», 0-87 шақырым, Рощинское және Волошинка ауылдарының аралығы.
Сағат 17.00-де Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Самара-Шымкент» автожолының 965-1153 шақырымы, Қарабұтақ кенті мен Ырғыз ауылының арасында жүк және қоғамдық автокөлік түрлері үшін шектеу енгізілді.