Олардың арасында бір жүкті әйел мен бес бала бар
Ақтөбе облысында кеше кештен бері республикалық маңызға ие 6 тасжол жабық тұр. Бұған қатты жел мен көктайғақ себеп болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Нәтижесінде, кейбір бағыттарда жүк және жеңіл көліктер кептелісі орнады. Жүргізушілер мен жүздеген жолаушы Хромтау қаласы мен Қарабұтақ және Ырғыз ауылдары маңындағы кемпингтерге орналастырылды», - деп жазылған ақпаратта.
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қар құрсауында қалған 43 адамды құтқарды. Олардың арасында бір жүкті әйел мен бес бала бар.