1 желтоқсаннан бастап жол полициясы жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерді жазалай бастайды
1 желтоқсаннан бастап жол полициясы жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерді жазалай бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның айтуынша, ондай көліктер жолда қауіпті, сонымен қатар, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарын бұзады. Полиция жүргізушілерге айыппұл арқаламас үшін автокөлік дөңгелегін арнайы белгілермен жабдықтау керек екенін ескертеді.
Барлық автокөліктің қысқы жол жүру ережесіне сай жабдықталуы тиіс екені Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде айтылған.
Жазғы дөңгелекпен қыста жүргені үшін айыппұл құны ҚР ӘК 5-бөлімінің 590-бабына сәйкес, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 12 625 теңге болады.