Рейстер аптаның дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады
Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2 наурыздағы шешіміне сәйкес, Ақтау – Үргеніш – Ақтау бағытында аптасына 2 рейс жиілігімен жаңа халықаралық тұрақты рейстің ашылуына рұқсат етілді.
8 наурыздан бастап SCAT әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рет жиілікпен рейстерді орындауды бастайды. Рейстер Б-737 типті әуе кемесінде дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалмақ.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.