Павлодар облысында КВИ жұқтырған 430 жүкті әйел есепке алынған

Автор: Azattyq Rýhy

227 аяғы ауыр әйел пневмониямен ауырған

Павлодар облысында бір жыл ішінде КВИ жұқтырған 430 жүкті әйел есепке алынған. Қазіргі уақытта өңірдегі ауруханаларда 493 адам КВИ-ге қарсы ем қабылдауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлім бастығы міндетін атқарушы Ерғалы Асылбек мәлім етті.

«Бүгінде облысымызда стационарда 493 адам, үйлерінде 1238 адам ем қабылдауда. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 30,8 пайызды құрайды. Соңғы тәулікте 2246 ПТР зерттеу жасалды», - деді Ерғалы Асылбек.

Спикердің айтуынша, бір жыл ішінде 430 жүкті әйел КВИ белгілерімен, 227 жүкті әйел пневмониямен есепке алынған.

«Қазіргі уақытта 15 жүкті әйел коронавируспен, 1 әйел пневмониямен стационарда ем қабылдауда. Оған қоса, стационарларда 11 бала, үйлерінде 71 бала КВИ-ге қарсы ем қабылдауда», - деді Ерғалы Асылбек.