Бастапқыда әр тараптан аптасына 1 рейстен ғана орындалады
Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның 2 наурыздағы шешіміне сәйкес, Алматы-Душанбе-Алматы бағытында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты рейстерді қайта ашуға рұқсат етілді.
Тәжікстанда Covid-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі республикалық штабтың шешіміне байланысты бастапқы кезеңде әр тараптан аптасына 1 рейстен ғана орындалады.
14 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы мен Душанбе қалалары арасында аптасына 1 рет (жексенбі күндері) тұрақты рейс орындауды жоспарлап отыр.
Ал Тәжікстан тарапынан Somon Air әуе компаниясы Алматы мен Душанбе бағытында аптасына 1 рейс орындап, тұрақты әуе қатынасын 18 наурыздан (бейсенбі күндері) қайта бастайды деп жоспарланып отыр.