Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарламаны жоққа шығарды
Қазнетте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деген видео тарады. Министрдің «мәлімдемесінде» коронавирустың гүлдер арқылы таралатыны, сондықтан 10 наурызға дейін гүлге жақындауға, оларды сатып алуға және иіскеуге тыйым салынатыны айтылған. Алайда, біреулердің әзіл ретінде жасаған видеосын шын көріп жатқандар да бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарламаны жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде коронавирус инфекциясының гүлдер арқылы берілетіні таралатыны жайлы ақпарат жарияланды. «Қазақстан азаматтарын 10 наурызға дейін гүл сатып алмауға шақырған» хабарламада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың видеосы пайдаланылған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды және бұл видео жалған», – деп хабарлады ведомстводан.
COVID-19 адамнан адамға ауа-тамшы жолдарымен жұғады. Вирус жабық және нашар желдетілетін жерлерде тез таралады. Коронавирустан сақтанудың ең тиімді әдістері – әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту.