Өткен жылдың тамызынан бері пневмониядан 635 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
«2.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 216 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49418, 635 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 42 957-ге жетті.