Қызылордада жылдамдықты 60 рет асырған тұрғын анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған 1 млн 534 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөзден

Қызылордалық полицейлер көлігіне жалған мемлекеттік нөмір белгісін таққан жүргізушілерді анықтады. Олар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ваз 21210» маркалы автокөлігіне жалған нөмірді таққан Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғын анықталды. Бұл автокөлік жылдамдықты асырғаны үшін «Аркан» құрылғысына жалпы 60 мәрте түсіп қалған. Оған 1 млн 534 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп жазылған хабарламадач

Сондай-ақ, жалған мемлекеттік нөмір белгісін «Lexus NX 300» көлігіне 23 жастағы қала тұрғыны тағып алғаны белгілі болды.