Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (боран, қатты жел) орай 3 наурыз күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап Самара-Шымкент (393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) республикалық маңызы бар күре жолы ауыр және қоғамдық көлік түрлері үшін жабылды.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында ескерту жарияланғанын жеткізді.

Тегтер: