Бұл облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады
Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
5 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. 4-6 наурыз аралығында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын жауады. Кей жерлерде - тұман, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Боран соғып, күндіз көктайғақ болады.
4 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде - тұман, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, жылдамдығы - кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Облыста және Орал қаласында желдің күші - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде және Ақтөбе қаласында - жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.