Сыйақы табысы аз және көпбалалы аналарға беріледі
Елордалық белгілі санаттағы аналарға 8 наурыз қарасаңында бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.⠀
«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» қағидасына сәйкес, 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күнi) – оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдегі әйелдер қауымына 8 наурыз қарсаңында 2 доллардан сыйақы беретіні туралы мәлімдеген еді.