Елімізде коронавирустық пневмониядан тағы екі адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болғандардың жалпы саны 630 адамға жетті

Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның таралу қарқыны бәсеңдеген жоқ. 3 наурыздағы жағдай бойынша, елімізде 65 адам ауру жұқтырса, екі адам қайтыс болған деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, осы күні 221 адам ауруынан айығып, емделіп шыққан.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бүгінгі күнге дейін коронавирустық пневмониямен барлығы 49 372 ауырса, 630 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42 741-ге жетті.