Грузияға қатынайтын тұрақты әуе рейстері қайта ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан азаматтарының Грузия шекарасынан өтуіне қойылған шектеулер алынды

көрнекі фото

16 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша қайта ұшып, аптасына 3 рейс орындайды.

Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 2021 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.

А320/321 әуе кемесі орындайтын рейстер аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.