Жолдар ауа райының нашарлауына байланысты жабылды
Қарағанды және Павлодар облыстарында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 9.30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінуді шектеу) автожолдағы барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
1. «Қызылорда-Павлодар» 967-1135-шақырымында, Қарағанды - Павлодар облысының шекарасы учаскесі
2. «Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара» 231-324-ышақырымы, Ботақара кенті учаскесі - Павлодар облысының шекарасына дейін.
3. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217шақырымы, Қарағанды - Қарқаралы учаскесі.
Павлодар облысында Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты трассалар жабылды (боран, көрінуді шектеу). Трассаларда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
1. «Қызылорда-Павлодар» 1135-1206-шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы учаскесі - Бозшакөл кенті.
2. «Қалқаман-Баянауыл-Керней – Ботақара» 138-231-шақырымы, Баянауыл ауылы-Қарағанды облысының шекарасы.
Ақмола облысында 28 ақпанда сағат 10.30-дан бастап «Екатеринбург-Алматы» Республикалық маңызы бар автожолының учаскесінде (1291-1426 шақырым Нұр-Сұлтан - Теміртау) қатты жел мен боран салдарынан көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
28 ақпан күні сағат 10.30-дан бастап Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау - РФ шекарасы» автожолында 245-330 шақырым, Қарауылкелді кенті-Атырау облысының шекарасы учаскесі ашылды.