Коронавирус пневмониясынан тағы 2 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

244 адам емделіп шықты

Фото: ашық дереккөзден

26 ақпан күні елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 58 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 244 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

1 тамыз-26 ақпан аралығында барлығы: ауырғандар – 49 284, қайтыс болды – 622, жазылып шықты – 42 093 адам.