Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыс әкімі өлім себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Фото: ашық дереккөзден

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында 5 адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өңір басшысы Полиция департаментіне, Төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды.

Бес адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Денсаулық сақтау басқармасының психологтар тобы қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсететін болады.

Марқұмдарды жерлеу орнына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылып, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетілмек.