Ақтөбе облысында бірнеше жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жолдар боран, кейбір жердегі жаңбыр салдарынан жабылды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде боран, кейбір жердегі жаңбыр салдарынан жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында күн жылына бастады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Ембі-Шалқар тасжолы жабық. Желдің жылдамдығы 20 м/сек жетті. Боран болып тұр.

«Ақтөбе-Атырау тасжолының Қарауылкелді-Атырау аралығы көктайғақ салдарынан жабық»,- деп хабарлады облыстық ТЖД.