Сапар Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен өтеді
2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР СІМ Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.