Атырау облысы «сары» аймаққа кірді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл облыс 26 ақпанда «жасыл» аймаққа кірген еді

Фото: ашық дереккөзден

27 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.

Айта кету керек, Атырау облысы 26 ақпанда «жасыл» аймаққа кірген еді.