Ол қыстаудан белгісіз бағытта шығып, оралмаған
Қарағанды облысында 60 жастағы ер адам далада үсіп өлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
«26 ақпанда Шет ауданы Ақжал ауылдық округінде ер адамның жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. Ол 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытта шығып, оралмаған. Сол күні сағат шамамен 17:15-те жоғалған ер адамның денесі қыстаудан бес шақырым жерде табылды», - деп жазылған хабарламада.
Қарағанды облысының ТЖД өкілдері тұрғындардан ауа райы нашарлаған кезде елдімекендерден тыс жерлерге жаяу шықпауды және жол жүрмеуді сұрайды.