Бұл ретте олардың жексенбі күнгі жұмысына тыйым салынады
Фитнес-орталықтардың, моншалар мен сауналардың бассейндері мен СПА-ның жұмыс уақыты 1 наурыздан бастап бір сағатқа ұзартылады. Бұл нормалар Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шектеу шаралары туралы жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, бассейндер мен сауналардың, СПА, массаж, пилинг және т.б. іске қосылуымен спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмысы орналасқан жеріне қарамастан бір келушіге жаттығу залының 4 м2, ал бассейнде бір келушіге 5м2 есебімен, сондай-ақ 50%-дан көп емес жалпы толтырылуы қамтамасыз етілуі керек. Қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, сол сияқты, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс кестесін ұйымдастыру қажет», - делінген санитарлық дәрігердің қаулысында.
Бұл ретте олардың жексенбі күнгі жұмысына тыйым салынады.