Елімізде Қарағандыда өндірілген «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы шығарылды
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник V» вакцинасының сату бағасын екі есе төмендетті: егер бұрын вакцина екі компонент үшін 1 942 рубль (10,9 мың теңге) тұрса, енді - 866 рубль (4,8 мың теңге), деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров бағаның төмендеуі вакцинаны өнеркәсіптік өндіру технологиясын әзірлеу және оңтайландыру, сондай-ақ Ресей халқын жаппай вакцинациялау үшін оның өндіріс көлем едәуір өсіру нәтижесінде мүмкін болғанын айтты.
Оның айтуынша, баға барлық өндірістік алаңдар үшін бірдей.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағандыда өндірілген «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы шығарылып, Қазақстан өңірлеріне жөнелтіліп жатқанын мәлімдеді. Ақпан айында Қарағандыда «Спутник V» вакцинасының 90 мың дозасын, наурызда – 150 мың, ал сәуірден бастап көлемі 600 мың дозаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.