Қазақстанда зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады

Фотоколлаж

Бүгіннен бастап елімізде біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады.

Біржолғы зейнетақы жинағын мынадай медициналық қызметтерге пайдалануға болады:

  • - дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;
  • - Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
  • - операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
  • - радионуклидтік және радиойодтерапия;
  • - радиохирургиялық емдеу;
  • - протон терапиясы;
  • - офтальмологиялық қызметтер.