Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды
Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - делінген қалалық Білім басқармасы таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда қар жауып, термометр бағаны -25 градусты көрсетіп тұр.