АҚШ-та COVID-19 вирусынан көз жұмғандарды 5 күн аза тұтады

Автор: Azattyq Rýhy

Елде коронавирустан қайтыс болғандар саны жарты миллионнан асты

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Джо Байден коронавирустан көз жұмған америкалықтарға бес күндік аза тұту жариялады. Бұл елде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны жарты миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту кезінде бүкіл елдегі жалаулар бес күн бойы түсіріледі.

Джонс Хопкинс университетінің хабарлауынша, АҚШ-та 500 071 науқас коронавирустан қайтыс болған. Ал коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 28 миллионнан асады.

The New York Times газетінің хабарлауынша, COVID-19-дан қайтыс болған америкалықтар саны Вьетнам соғысында, сондай-ақ бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі елдің әскери шығындарынан асып түсті. Ардагерлер істері министрлігінің мәліметінше, осы үш қақтығыстың салдарынан 392,3 мың америкалық қаза тапқан.