Өткен тәулікте 657 жолаушы Қазақстанға ПТР анықтамасыз ұшып келген

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы тәулікте елімізге барлығы 21 халықаралық әуе рейсі келді

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 21 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Литва, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді. 

3 155 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 498 адам, анықтамасыз 657 ҚР азаматтары келді.  

Оның ішінде: 

  •  Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 998 жолаушы, анықтамамен - 1 633, анықтамасыз - 365; 
  •  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 155 жолаушы, анықтамамен - 863; анықтамасыз - 292;
  •  Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 20 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 327 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.