Қазақстан «қызыл» аймақтан шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан қаласы мен 4 облыс «сары» аймақта орналасқан

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 ақпандағы өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр. Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта. 

«Қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ.