Павлодар облысы тұрғынынан тапанша тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері облыс тұрғындарынан 106 қару тәркіленді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылы тұрғынынан тапанша тәркіленді. Бұл қару ішкі істер органдарында тіркелмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Рavlodarnews.kz сайтына сілтем жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аудандық полиция бөлімінің полицейлері ауыл тұрғынынан «Байкал» травматикалық тапаншасын тәркілеген. 

«Тереңкөл ауданының тәртіп сақшылары ауданның тағы басқа бір аулынан нөмірсіз «МР-461» үлгісіндегі травматикалық тапаншаны тәркіледі», - деді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.

Аталған фактілерге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 287 - бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Павлодар өңірінің тұрғындарынан 106 қару тәркіленді. Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілді.