Қазақстанда тағы бір облыс «сары» аймақтан шықты – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

21 ақпанға арналған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 21 ақпанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елімізде тағы бір облыс «сары» аймақтан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Сонымен, бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ:

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Ал бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймақта тұрған өңірлердің қатарында болатын.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 766 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 207 418 адамға жетті.