Бір тәулікте 487 адам COVID-19 вирусынан жазылып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша КВИ-ден емделгендер саны 191 097 адамға жетті

Көрнекі сурет: ogirk.ru

Қазақстанда өткен тәулікте 487 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 139,
Шымкент қаласында - 7,
Алматы облысында - 65,
Атырау облысында - 42,
Шығыс Қазақстан облысында - 17,
Батыс Қазақстан облысында - 25,
Қарағанды облысында - 45,
Қостанай облысында - 31,
Қызылорда облысында - 2,
Маңғыстау облысында - 7,
Павлодар облысында - 77,
Солтүстік Қазақстан облысында - 22,
Түркістан облысында - 8.

Елімізде барлығы 191 097 адам COVID-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты.