Оның ішінде 61 жүргізуші көлікті жүргізу кезінде ұялы телефон қолданған
Жамбыл облысында бір күнде 800-ге жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД сілтеме жасап.
Атап айтсақ, шара барысында 84 жүргізушіге жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылса, мас күйінде көлікті басқарған 4 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен 20 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, көлікті құжатсыз немесе оны басқару құқығы жоқ 56 жүргізуші рөлге отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек жаяу жүргіншілердің 80 жол ережесін бұзу дерегі анықталған.
«101 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай көлікті басқарса, 117 жүргізуші маневр жасау ережесін бұзған. Сонымен қатар, 61 жүргізуші көлікті жүргізу кезінде ұялы телефон қолданған. Қарсы жолаққа шығып кеткені үшін 2 жүргізушіге, жолда авариялық жағдай тудырған 5 жүргізушіге хаттама толтырылды. 23 автокөлік айып тұрағына қойылды», - деп жазылған хабарламада.